Дулат Исабеков


Жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Тәуелсіз Қазақ ПЕН-клубы мен платиналы «Тарлан» сыйлықтарының, «Достық» «Құрмет» ордендерiмен және «Астана» медалiмен марапатталған Дулат Исабеков бүгінгі таңда республикалық мәдени-сараптамалық «Мәдениет» журналының Бас редакторы, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры боп қызмет атқарып келеді.
Дулат Исабеков жазушылықты ерте бастады. 1963 жылы оның «Жолда» атты алғашқы әңгiмесi Қазақстан жазушыларының «Замандастар» деген әңгiмелер жинағына енедi. Сол жылы «Шойынқұлақ» атты әңгiмесi «Лениншiл жас» газетiнiң үш нөмiрiне жарияланып, жас жазушыны оқушы қауымға кеңiнен таныстырып кеттi.

«Гауһар тас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз» т.б. «Қарғын» романы 1980 жылы жарық көрiп, әсiресе, студент-жастардың зор қызығушылығын тудырды. Оның «Шойынқұлақ», «Ақырамаштан наурызға дейiн», «Ескерткiш», «Социализм зәулiмi», «Конфронтация», «Талахан-186», «Бонапарттың үйленуi», «Ай-Петри ақиқаты», «Кемпiрлер», «Шалдар», «Тыныштық күзетшiсi» т.б. көптеген әңгiмелерi әр жылдары жарық көрдi. Д.Исабековтің жекелеген повестерi мен әңгiмелерi немiс, чех, венгр, болгар, қытай, түрiк, өзбек және ағылшын тiлдерiне аударылып, шетел оқырмандарына да кеңінен таңылып үлгерді.

Жазушының шығармалары бойынша «Гауһар тас» (1975), «Дермене» (1994), «Тауқымет» («Тiршiлiк» повесi бойынша, 1998), «Лоторея» («Ержеткенше» повесті бойынша, 2013), «Балуан Шолақ» («Жаужүрек» пьесасы бойынша, 2019) атты көркем фильмдер мен «Әпке» атты пьесасының негізінде телесериал түсірілген.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы Д.Исабековтің «Әпке», «Ертеңдi күту», «Мұрагерлер», «Кiшкентай ауыл», «Ескi үйдегi екi кездесу», «Тор», «Актриса», «Аққу-Жiбек», «Әншi құстар фестивалi», «Мұңлық-Зарлық» атты пьесалары республика сахналарынан ұзақ жылдар бойы түспей келе жатыр. Санкт-Петербург, Омск, Лондон қалалары мен Болгария, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Башқұртстан сияқты алыс-жақын мемлекеттердің сахналарында соңғы жылдары жиі қойылып жүрген драматург. 2012 жылы жазушының 70 жасқа толған мерейтойына орай «Исабеков әлемі» атты халықаралық театр фестивалі. Фестивальге алты отандық, алты шетел театрлары қатысты.

2014 жылы Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында «Қазақ әдебиетінің апталығы» деген айдармен Дулат Исабековтің шығармашылығына қатысты мәдени іс-шара болып өтті. Кембридж университетінде жазушының «The little pearl and other stories» («Гауһар тас») деген әңгіме-повестері мен пьесасы еңгізілген ағылшын тіліндегі жинағының тұсау кесері; Лондонның «Giant Olive Theatre» театрында Orzu Arts-ң ұсынуындағы «Өкпек жолаушы» спектаклінің премьерасы болды.

Pages: 1 2 3

Leave a Reply